Спортқа қызығушылық танытатын жас жеткіншектер белгілі волейболшы Сана Анарқұловамен кездесті. Танымал спортшы жас өрендерге алдыға қойған мақсатқа жету жолында кездесетін қиындықты еңсерудің жолын айтты.
Танымал спортшы Сана Анарқұлова кездесу барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жоспарын айтты. Шараға қатысушы оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, өзара ой тарқатты.
 Сана Анарқұлова, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Белгілі волейболшының  жалынды әңгімелерін тыңдаған оқушылар ризашылығын білдіріп, жеңісті сәттері көп болуын тіледі. Кездесу екі жақты еркін форматтағы диолог түрінде өтті.
Спорт қиын жол. Ал, мұндай кездесулер өскелең ұрпақты жігерлендіру, жаңа жетістіктер мен табыстарға жетелеуде маңызды рөл атқарады.