Мемлекет басшысы 2025 жылы халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Шемонаиха қаласының Теміржолшы шағын ауданындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған.
Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1 млн. теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – Шемонайха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Өткен жылыдың 7 қазанында Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі медігер ұйымының ұйғарымымен Мемлекеттік сатып алуды жариялады. Мемлекеттік сатып алу 7-ші қарашада аяқталып, мердігер ретінде «Live Story Invest» ЖШС бекітілді.Алайда құрылыс жұмыстарын жүргізуге ниетті тағы бір ұйым мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне көңілі толмай, сотқа жүгінген.
Биыл 14 желтоқсандағы облыстық мәслиттың №21/192-7 шешіміне сәйкес жобаны аяқтауға бюджеттен 123,9 млн. теңге бөлінді.