Өңір басшысы Даниал Ахметов жас ғалымдардың StartUp жобаларын жүзеге асыруға  қолдау көрсетіп келеді. Жас таланттар арасында Меир Ануарбеков пен Есенгелді Ерасыл бар. Олар жасанды интеллект арқылы мектеп оқушыларын психодиагностикалық зерттеуден өткізуді көздейтін жоба әзірлеп, аймақ басшысының грантын ұтып алған.
Бұл ғылыми бағдарлама - балаларды психодиагностикалауға арналған. Мұндағы ерекшелік - балалардың бойындағы психикалық ауытқуды психолог көмегімен емес, бағдарламалық құрал арқылы анықтауға болады. Кешенді бағдарлама -жасанды интеллект арқылы жүзеге асады, дейді жоба жетекшісі Индира Увалиева.
Білім мен ғылымға құштар Меир мен Ерасыл бұл жобаны дайындауға 1 жылға жуық уақытын арнаған.
2018 жылдан бері облыста аймақ басшысы Даниял Ахметовтың қолдауымен мектеп оқушыларының 39 StartUp жобасына жалпы сомасы 35 миллион теңге қаржылай қолдау көрсетілсе, оның ішінде 22 миллион теңгені құрайтын 25 жоба толығымен жүзеге асырылды. Ал 4 жоба авторлық куәлік алды.