Өңірдегі сайлау учаскелерінде 500-ден  астам тәуелсіз байқаушылар жұмыс істейді. Олар сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Учаскелердегі байқаушылардың негізгі міндеттері қандай? Саяси науқанға қатысуы қаншалықты маңызды?
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында жергілікті белсенділерден құралған бақылаушылар дәстүрлі түрде жұмыс істейді. Сайлау ережелеріне сай, олар арнайы семинар-тренинг оқыту іс-шараларынан алдын-ала өткен.
Қазір байқаушылардың қоғамдағы қажеттілігі арта түсті. Олар ықпалды институт ретінде қабылдана бастады. Бұл біздің елдің демократиялық бағытта келе жатқанын көрсетеді,дейді мамандар.
Байқаушылардың құқықтары мен міндеті заңда көрсетілген. Ал сайлау учаскесінде болуы мүмкін деген түрлі жағдайлар да тренингтер аясында назардан тыс қалмаған. Егер байқаушы қандай да бір заң бұзушылықтың куәсі болса, ол сол жерде тиісті акт жасап, өзге де  байқаушылардың қолдарын жинап, сайлау комиссиясының мүшелеріне хабарлауы керек. Ол процеске араласпайды, тек бұзушылық фактісін тіркейді.
Ермек Асқаров сайлау учаскелерінде байқаушылардың бірнеше санаты болуы мүмкін екендігін де айтты. Олардың құрамында кандидаттардың сенімді адамдарынан бастап, тәуелсіз және халықаралық байқаушылар бар.