Ел ертеңі бүгінгі жастың таңдауына байланысты. Өскемендік өрендер саяси науқанда белсенділік танытып жатыр. Елдің алды болып келіп өз таңдауын жасауда. Алғаш рет сайлауға қатысып дауыс беруде.
Тахмина Қыдырханова 18 жаста.  Жас өрен алғаш рет сайлауға қатысып отыр. Қобалжығанын да жасырмайды. Бастысы елімнің ұлтжанды ұландарының сапында болғаныма қуанам дейді. Сайлауға түсуші аға буын қалың қарашаны жақсылықа жетелейтініе сенеді.
Анель Көпжасарова да саяси науқанға атсалысушылардың бірі. Елдің алды болып келіп өз таңдауын жасауда. Алда болатын өзгерістерге берген дауысының әсер ететініне нанады.
Сайлау әзірге заң шеңберінде өтуде. Комиссия мүшелері дауыс берушілердің құжаттарын тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, тіркеуде. Ал, мұндағы бүкіл жағдай байқаушылар қадағалап отыр.
Аталған учаскіде сайлауға алғаш қатысушыларға сыйлықтар ұсынылды. Олардың белсенділіге ризалық танытылды.