Өскеменде дауыс берушілер арасында зейнеткер көршілер де бар. Олар ақылдаса келе учаскеге бірге барып, өз таңдауымызды жасаймыз деп шешкен. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күніне орай арнайы ұлттық киім киюді де ұмытпаған.
Көршілер арасында сайлауға бірге, ұлттық киіммен бару бастамасын көтерген Наталья Уколова. Ол ардагерлер кеңесінің мүшесі. Дауыс беру – әр адамның өз құқығы. Ал, мен дұрыс таңдау жасадым деген ойдамын, - дейді Наталья Уколова.
Дауыс беру үшін учаскеге ағылған тұрғындарға барынша жағдай жасалған. Комиссия мүшелері келген жұртқа кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтып отыр.