Облыс орталығындағы сайлау учаскелеріне дауыс берушілер толассыз келіп жатыр. Аймақтағы танымал тұлғалар да саяси науқаннан шет қалар емес. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Спортшы өзінің құқығын пайдаланып, таңдау жасау үшін №47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне келді. Танымал жеңіл атлетші өз дауысын берді.
№2 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ақгүл Жақышеваның айтуынша, тұрғындар жағы да таңмен таласа, алғашқы минуттардан-ақ өздерінің азаматтық құқықтарын іске асыру үшін белсенділік танытуда.
Өз елінің нағыз патриоты мұндай маңызды шарадан шет қалмаулары тиіс, дейді қала тұрғындары.  Себебі, халық таңдауымен таразыланатын бұл сында еліміздің дамуы үшін артылар үміт көп. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды.