Облыс орталығындағы сайлау учаскелерінде халыққа ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында дауыс берушілерге тәтті дәмділер ұсынылып, жәрмеңке ұйымдастырылды. Осылайша, саяси науқан қала тұрғындары  үшін нағыз мерекеге айналды.
Облыс орталығының тұрғындары саяси науқанды көтеріңкі көңіл-күйде өткізіп жатыр. Сайлауға келген халық азаматтық парызын орындап қана қоймай, сауда жасап та үлгеруде. Ал, рух көтерер әндер ерекше мерекелік леп беріп тұр.
Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылған ағайын науқанға бейжай қарамай жауапкершілік танытуда. Тұрғындар елдің болашағы үшін таңдау жасап, маңызды шарадан шет қалмағанына қуанышты.
№30 сайлау учаскесінің төрағасы Қамбар Шерияздановтың айтуынша, мұндағы комиссия мүшелерінің басты мақсаты – саяси науқанның әділ өтуін қадағалау. Айта кетейік, №31 сайлау учаскесінде жалпы саны 1551 адам, ал №30 сайлау учаскесінде 1887 адам тіркелген.
Айта кетейік, бүгін үй жағдайында дауыс беретіндердің де өтініштері назарсыз қалмады. Олар үшін жылжымалы урналар ұйымдастырылып, кедергісіз дауыс беруге бар жағдай жасалған, - дейді комиссия мүшелері.