Бұл сайлау бұрыңғыдан өзге. Таңдау жасап жатқандар арасында жастар жағы белсенді. Арасында алғаш рет дауыс бергендерде бар. Арна тілшілері олардың сайлаудан алған әсерін біліп, саяси науқан жайлы ойларын тыңдап қайтты.
Арман Ескендіровтың өмірінде бүгін маңызды күн. Ол бірінші рет саяси науқанға қатысып, дауыс бергендердің қатарынан. Тебіренісі мен толғанысын жасыра алмаған студент сайлау туралы былай, - дейді.
 «Әрине, мұндай саяси науқанға қатысып, өзіңді елінің толыққанды азаматы ретінде сезіну – үлкен мәртебе, зор жауапкершілік», - дейді жастар. Сондықтан, бұл күні әдеттегіден ерте тұрып, өзінің учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс беруге асыққан жастар көп. Солардың тағы бірі - Ләйлә Төлеубекова.
Жастар белсенді. Оларда болашаққа деген сенім бар. Саяси реформаның маңыздылығын, мәнін жақсы түсінеді. Сол үшін дұрыс таңдау жасауға тырысып жүр.