ҚР Қарулы Күштері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің  сарбаздары да өз таңдауын жасады. Олар №58 жабық сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал әскери бөлімде қызмет ететін офицерлер мен сержаттар өздерінің тұрғылықты жері бойынша саяси науқанға қатысты.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің 800-ден астам сарбазы қатысып, өз таңдауларын жасады. Әскери қызметшілер бүгінгі күннің маңыздылығы мен жауапкершілігі жоғары, сондықтан ел тарихында қалар ерекше оқиға деген пікірде.
Таң атысымен, Өскемен гарнизонының бөлім командирлері мен басқарма офицерлері өз таңдауларын жасап, түгелдей сайлауға қатысты.