Облыстағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, саяси науқанға халық  белсенді қатысуда. Біраз уақыттардан кейін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталып, қазақстандықтар нәтижелерді біле алады. Бұл елдің қоғамдық саяси өміріндегі маңызды һәм тарихи оқиға.
Облыс орталығындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүруде. Шаһар бойынша  дауыс берушілердің саны 243 мыңнан асады. Өз азаматтық борышын өтеуге ағылған халықтың қарасы көп.
Әсіресе, жастар саяси науқанға белсенді қатысуда. Елдің дамуы үшін дұрыс таңдау жасай білу маңызды, дейді олар.
Дауыс берудің аяқталуына небәрі бірнеше сағат қалды. Жақын арада сайлау учаскелері соңғы сайлаушыларды қабылдап, дауыстарды санау процесі басталады.