Үстел теннисі шапшаңдық пен ептілік қажет ететін спорт түрі. Аймақта осы спортқа қызығатын жастар саны артып келеді. Үстел теннисін дамыту үшін Өскеменде тіпті арнайы орталықта ашылған болатын.
Бұл Өскемендегі халықаралық стандартқа сай келетін теннис орталығы.  Заманауи жаттығу залы мен спортшыларға арналған оңалту орталығы орналасқан бұл нысанда 250 спортшы бір мезетте жаттыға алады.
Орталықтың жаттығу алаңында 40, ал жарысқа арналған бөлігінде 18 теннис үстелдері орналасқан. Спортпен айналысып жүрген ұл-қыздарда жасалған жағдайға дән риза. Алаңсыз шұғылданып жүр.

Қазақстанда алғаш рет теннис 1952 жылы осы Өскеменде пайда болып, әуесқойлар арасында турнирлерде бірінші өткізілді. Шығыс орталығын елдегі үстел теннисінің отаны деуге болады. Өскемендегі орталықта мансабын аяқтаған кәсіби спортшылар жастарға тәлім береді. Жас өрендер спорт әліппесін тәжірибелі шеберлерден үйреніп, болашақ чемпиондарға айналады.