Айлардың сұлтаны – рамазанмен қауышуға 3 күн қалды. Күллі мұсылман әлемі үшін ораза айының маңызы зор. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – Қасиетті Қадір түні.
Рамазан – қайырымдылық пен береке айы. Бұл айда әрбір жасаған жақсылық пен айтылған игі сөз мол сауапқа бөлейді. Ауыз бекіту бес парыздың бірі. Оны орындау балиғат жасына толған әрбір жанға міндет. Бірақ, кей жағдайда жеңілдік те жасалған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылға арналған Ораза кестесін жариялады. Биыл  пітір садақаның мөлшері адам басына 535 теңге деп белгіленді.
Қасиетті айда бойдағы жаман әдет пен жағымсыз мінезден арылуға мүмкіндік мол. Бұдан бөлек мейірім мен кешірімге әрі сауапқа толы мерзім. Демек қал-қадірінше қайырымдылық жасау маңызды. Қапы қалмай, қарекет еткен абзал,- дейді Берік Кәдірұлы.
Еске сала кетейік, 21 сәуір ораза айт мейрамының бірінші күні.