Өскемендіктер Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін орталық алаңда тойлады. Таңертеңнен бастап мерекені көңілді атап өтті. Түрлі мерекелік қойылымдар көрсетіліп, ұлттық ойындарды насихаттайтын шаралар ұйымдастырылды.

Ұлыстың Ұлы мерекесі Әз Наурызды өскемендіктер мен қала қонақтары атап өтті. Алаңда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.
Көпшілік халық әндерін бірге шырқап, би биледі. Мерекелік шарада облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар мен қала қонақтарын құттықтап, жақсылық, амандық және табыс тіледі.

Орталық алаңда алтыбақан, ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігілді. Дәстүрлі тағамдар – бауырсақ пен Наурыз көже келген жұртқа таратылды.Ұйымдастырушылар қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұсынды.

Наурыз – көнеден келе жатқан  мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Мерекеге жиналған тұрғындар ерекше көңіл-күйде болды.

Жыл басы – Наурыз аймақта кең көлемде аталып өтті. Бұл мереке қазақ халқымен жасарып жаңғыра бермек.