Наурызды  аудан, ауылдарда дүркіретіп тойлады. Глубокое ауданы, Белаусовка ауылында орталық алаңға жиылған жұрт, мейрам көркін қыздырды. Киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды халыққа.
Ертеде қазақ халқы Наурызды көрісуден бастаған. «Қыстан аман-есендікте, бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел шықтық», - деп ағайын, туыс-жораға барып көріскен, сәлемдескен.
 «Асылмұра» ансамблі аудандағы белді өнер ұжамдарының бірі. Мейрамға орай жұрт аузындағы халық әндерін көпшілікке ұсынды.
Мейрамнан жастар жағыда шет қалмады. Түрлі спорт ойындарына қатысып, ән шырқап, би жарыстырған олар көпшілікке керемет әсер сыйлай білді. Аудан әкімі Эльдар Тұмашинов тұрғындарды ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.  
Белоусовкадағы Әз Наурыз мейрамына өз ұжымын түгел ертіп келген Белокаменка орта мектебінің директоры Ирина Шапошникова жерлестерді жыл басталып, табиғаттың қайта оянған күнімен ерекше құттықтады.
Күн мен түннің теңесетін табиғаттың ұлық мерекесін тойлаған жұрт, дүбірлі тойдың көңілден шыққанын айтады. Жасы да жасамысы да түгел жеті түрлі тағамнан жасалған көжеден дәм татып, мәз мейрам болысты.