Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурызды «Jusan Bank» қызметкерлері де атап өтті.Банк өкілдері орталық алаңда киіз үй тігіп, ақ дастархан жайды. Өскемендіктерге сый-сияпат таратты.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Жыл басы Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады. Наурыз мейрамы қарсаңында жеті түрлі дәмнен нау¬рыз-көже пісіріп, оны халыққа тарату үрдісі ел ішінде әлі де сақ¬талған. Өскемендегі орталық алаңда «Jusan Bank» қызметкелері киіз үй тігіп, қала халқына ұлттық тағамдарды ұсынды.
Келген қонақтар ақ дастарханнан дәм татты. Оларға «Jusan Bank» атынан сый-сияпат таратылды.
Банк қызметкерлергі Әз Наурыздың ерекше салт-дәстүрі «Ұйқыашар» мен «Селтеткізерді» көпшілік назарына ұсынды. Қандай да бір салтанатты шара алдында қыз өзі ұнатқан жігітке Ұйқыашар тағамын береді. Мұның қайтарымы ретінде жігіттер жағы қыздарға айна, тарақ пен әшекей бұйымдар сыйлайды. Мұны «Селт еткізер» деп атайды.