Риддер жылу орталығында болған өртке қатысты аймақ басшысы Даниал Ахметов кезектен тыс жиын өткізді. Облыс әкімінің айтуынша, адам шығыны жоқ, нысан орташа деңгейде жұмысын жалғастыруда. Технологиялық өрескел қателіктің салдарынан нысанда өрт шыққан. 50 мыңға жуық тұрғыны бар қалада наурыз айында осымен екінші рет апат тіркелген. Мәселенің жәй-жапсары келесі бейнематериалда.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, ЖЭО - да барлығы 67 аялдама тіркелген. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтар өртке оранды. Кабельдік-өткізгіш заттар өртеніп, ұсақ жарылулар болды.
Аймақ басшысының айтуынша, мәселенің жалғыз шешімі – жылу орталығын коммуналдық меншікке беру.