Облыстың білім беру саласындағы цифрлық экожүйе еліміздің басқа аймақтарынан озып, қарқынды дамып келеді. Мәселен, ІТ-сынып пен «Jastar Time» инновациялық орталығында  ЖОО-ның  оқытушылары  мектеп оқушыларын бағдарламалау, 2D/3D графика және бейнемонтаждау бойынша сабақтар жүргізеді. Сандық технологияны меңгерген жастарға қолдау да  мол. Олардың бүгінде жеткен жетістіктері қандай?
Алтыншы жыл қатарынан аймақтағы барлық мектепте ІТ-сыныптар белсенді жұмыс істеуде. Мұнда бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехниканы оқытуға арналған бірегей жүйелер құрылған.  Сонымен қатар, ол жоғары деңгейлі бағдарламалаудан бөлек, электронды платформалар негізінде автоматтандырылған құрылғыларды құру және үш өлшемді модельдеу сияқты бөлімдерді қамтиды.

Өткен жылы «New Generation» IT-фестивалінде «Үздік IT-жоба» байқауына мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері инновациялық идеялары бар 74 жобаны ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша 4 үздік IT-жобаны анықталып, тәуелсіз сарапшылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас таланттар 14 IT-StartUp-жобаны іске асыру үшін облыс әкімі 13 млн теңгені қамтитын сертификаттарды табыстаған.
Көптеген жоба идеялары аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде өз бағытын тапты. IT-технологиялар саласындағы оқушылардың жобаларын іске асыру үшін облыс басшылығы мен білім басқармасы әрдайым қолдау білдіріп келеді. Кез-келген бала аталмыш курстарға жазылып, сандық технологияны меңгеруіне мүмкіндік бар.