Ән көңілдің ажары. Тұғылдық өрендер бір мектеп, бір ән аясында әуелете ән шырқады.  Олар көнерген әндерді хормен орындады. Ескі әуенді есті тыңдармандарға жеткізді.
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп  1962 жылы салынып, сол жылы қолданысқа берілген. Ал 2020 жылы оқу ордасы күрделі жөндеуден өтті. 11-жылдық білім ордасында оқитын оқушылардың барлығы дерлік жан-жақты дамыған. Балалар тек білім алып қана қоймай, өнер мен спорттан да хабардар, дейді мектеп директоры Архат Бекхазин.
Үлкен қоңырау кезінде 438 оқушы бір кісідей Абайдың әнін шырқады. Олар мектеп дәлізінде есті әндерді жаңғыртты.
Мектепте бірнеше үйірме жұмыс істейді. Соның бірі-«бір мектеп бір ән» жобасы.  
Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақты әнге, өнерге баулу. Мәдениеті озық елдің ғана шамшырағы айналасына нұрын шашпақ.