Аймақта 2020 жылдан бері облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы іске асырылып келеді. Бағдарламаның негізгі бағыты жеке инвестициялар есебінен «офтейк-келісім шарттары» бойынша бір қабатты үйлер салу. Ал бұл бастама көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешеуге арналған.
 «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы әсіресе аудандардағы  тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізіп жатыр. Мәселен, өткен жылы аталған бастама шеңберінде аз қамтылған  және көп балалы отбасыларға арналған 93 баспана салу жоспарланған еді. Соның бір қатарын биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген.
Ал тағы 57 үйдің құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталады. Бірыңғай сәулеттік келбетке ие бұл баспаналардың қатары жыл сайын артып келеді.
Аймақтағы халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы іргелі істер, игілікті бастамалар әлі де жалғасын таба бермек.