Жүрек-қан тамырларының аурулары денсаулық сақтау саласында қашанда өзекті. Сондықтан да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей бұл дерттің алдын-алуға аймақта үлкен мән беріледі. Мәселен, Өскемен оңалту орталығының кардиология бөлімшесінде сау жүрек мектебі бар. Мұнда емделуішлер қауіпті дертке қарыс тұрудың жолдарымен танысады.
Кардиологиялық оңалту шаралары миокард инфарктісін алған және жүрегіне күрделі ота жасалған адамдарға жасалады. Әр емделушінің жағдайына қарай әр түрлі оңалту шаралары ұсынылады.
Владимир Белянин екі рет миокард инфарктін және бір рет ми инфарктін алған. Күрделі отадан кейін аталмыш орталықта оңалтудан өтуде. Кейін оңалту шаралары үйде жалғасты. Ол өзіне қан айналымды жақсартуға көмектесетін жаттығулар үйреніп алды. Алғашында 10 метр жүрсе ентігіп, ауырып қалатын. Ал қазір осы жаттғулардың арқасында емін-еркін жүріп тұруға қауқарлы.  
Бүгінде зейнеткер 91 жаста. Далада емін-еркін серуендеп, жаттығу істей алады.  Ал жаз мезгілінде бау-бақшасын күтіп-баптайды. Дәрігерлер басқа науқастарға зейнеткерді үлгі түтіп, қандай жағдай болмасын үміт үзбеуді сұрайды.