Өскеменде жергілікті әкімдіктің бастамасымен  жол жамылғысының сапасына бақылау жүргізудің тың тәсілі енгізілді. Шаһар басшылығы облыс орталығының тұрғындарын жол төсеміне бірге бақылау жүргізуге  шақырады. Бұл «100 күнде 10 мың шұңқыр»атты челлендждің басты мақсаты. Ал оған кез-келген азамат қатыса алады.
Өскемен қаласының әкімдігі сапасыз жолдарды анықтау ісіне тұрғындарды тартпақ. Бұл бастама қалай іске асырылады деген ой сізді мазалауы мүмкін. Жергілікті билік телеграм – бот ашқан. Енді сол арқылы әрбір адам қала көшелеріндегі жол жамылғысының сапасына қатысты ескертулерін сипаттап, көрнекі түрде көрсете алады.
Жолдардың нашар жағдайына үнемі шағымданатын қала тұрғындары, базыналарының тез арада шешілуіне өздері де себепші бола алады. Ол үшін телеграмға кіріп, Oskemen_bot деп іздеу қажет. Ол жердегі мәтін немесе бейне түріндегі нұсқаулықпен мұқият танысақан соң, жолдағы шұңқырдың суретін, орналасқан жерін кедергісіз табу үшін геолокация мен фотосуреттерді тіркейді.
Жобаның бірінші бөлігі жол бойында орналасқан шұңқырларға арналған. Аулаішілік жолдардың кемшіліктері жобаның келесі кезеңі барысында қарастырылады, деді жоба ұйымдастырушылары.