Өскеменде Катонқарағай ауданының тумасы Ерғали Тұрдығожиновтың екі томдық «Шыңырау» кітабының тұсаукесері өтті.Ол бұл шығармасында бір отбасымен қазақ елінің, аудан жұртының жағдайын көрсеткен. Кітапта шынайы өмірдің шежіресін баяндаған автор шараға қатысқан қонақтармен әңгімелесті.
Қос кітаптан тұратын «Шыңырау» атты деректі хикаят бір отбасының тағдыры мен тіршілік жолын баяндай отырып, өмірдің шынайы бейнесін оқырманға ұсынады.
Автор тағдырынан сыр шертетін кітап таныстырылымына жиналған қонақтар, кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне баға беріп, кітаптың кұндылығына өз лебіздерін білдірді.
Шара соныңда кітапхана қорына және шара қатысушыларына кітап сыйға тартылды.