Әр тілдің өз тарихы және тағдыры бар. Тіл – халықтың қарым-қатынас құралы. Өскеменде «Тіл шебері» атты облыстық байқау өтті. Үш тілді жетік меңгерген 21 – 35 жас аралығындағы 15 үміткер өз бақтарын сынады.
Үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуындағы бірінші баспалдағы. Облыстық мәдениет басқармасының ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сайысқа 15 маман қатысты. Сайыс «Елтаным», «Өнертаным», «Сөзтаным» атты үш кезеңнен тұрды. Қатысушылардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықтары бағаланды.
Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру.
Қатысушылар 1-ші кезеңде қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап берді. Ал 2 – ші кезеңде ағылшын тілінде өз өнерлерін көрсетті. 3 –ші кезең экранда көрсетілген ұяшықтардағы суреттерге сөйлем құрап орыс тілінде жауап берді.
Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ шешімімен 3 орынға Гүлжаз Шәріпова табан тіреді. 2 орын өскемендік Айдана Ниязбековаға бұйырды. Ал1 орынды Ұлан ауданынан келген Жадыра Құмашова мен Күршім ауданынан келген Жанерке Бейсембинова қанжығаларына байлады. Өзгелерден дара шапқан Дина Шаяхметова - бас жүлде иегері атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.