Биыл облыс  әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен өңірде  «Мобильді мұғалім» жобасы іске қосылды. Жоба аймақтағы ұстаз тапшылығы мәселесін шешуге, балалармен жұмыс жүргізу кезінде инновациялық технологияларды пайдалануға бағытталған. Өз кезегінде бұл аудан орталығынан алыс орналасқан  жерлерде сапалы білім беру процессін қамтамасыз етуге жол ашады.
Жобаға алғашқылардың бірі болып педагогика саласында 7 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Аққала ауылының мектеп - балабақша кешенінде жұмыс істейтін педагог-модератор Әйгерім Ахмадиева қатысуда. Әйгерім Дастанбекқызы  Көкжота ауылында тұрады. Негізгі жұмыс орыны - Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінде. «Мобильді мұғалім» жобасының арқасында қазіргі уақытта ол Қараөткел негізгі мектебінде қос қызметтілік бойынша жұмыс істейді. Жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет сабағын өткізеді.
Әйгерім Дастанбекқызының оқушылары пәндік олимпиадалар мен конкурстардан жүлделі орындарға ие болып жүр.  Оқушылар  мен ата-аналар  өз ризашылықтары мен  алғыстарын білдіруде.

Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дейтін болсақ,– Әйгерім Дастанбекқызы жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жалықпаған нағыз педагог, деген пікірде әріптестері.