Аймақ дәрігерлері балалардың есту қабілетін қалпын келтіруге бағытталған жоғары технология әдісімен жасалатын оталарды оқып-үйренуде. Өңірдегі дәрігерлер бірнеше жыл бойы кохлеарлық имплантация негіздерін меңгеріп жүр. Биыл мамыр айында осы бағытта шеберлік сағаты өтеді.
Шығысқазақстандық 10 балаға жоғары технология әдісімен кохлеарлық имплантация жасалады. Бұл ота есту қабілеті нашарлап, не болмаса мүлдем естімейтін ағзаның есту жүйесін қалпына келтіруге бағытталған. Кохлеарлы имплант – естуді қалпына келтіретін шағын электронды құрылғы.
Ота жасалған соң, балалар қоғамдық өмірге бейімделіп, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады.
Шетелдік емханаларда оқу және әлемнің жетекші дәрігерлерінің отандық дәрігерлерге өткізген шеберлік сағаттары аса күрделі ота түрлерін жергілікті жерде енгізіп, сенімділікпен жасауға жол ашады.