Өскеменде әскерден оралған сарбаздарды  гарнизон мен қалалық қорғаныс істері департаменті салтанатты түрде қарсы алды. Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан сарбаздардың туған туысының қуанышында шек жоқ.
Отан алдындағы борышын абыроймен  атқарған 37 сарбаз Тараз қаласынан оралды. Жас сарбаздарды туыс-туғандары мен Өскемен гарнизоны шерулі оркестрдің үнімен күтіп алды. Құшақ-құшақ гүлдер салтанатты жиынның сәнін арттырды.
Әскерге салтанатты шығарып салу дәстүрі бұрыннан бар. Ал сән-салатанатымен қарсы алу енді ғана дәсүрге айналып келеді.  Әскерге аттанған өрімдей балалардың қысқа мерзімде  есейіп, ер-азамат болып оралғанына қуаныштымын, дейді Антолина Пашкевич.  
Туған қаласында пойызбен келіп жеткен жауынгерлер ата-аналары мен жақындарының жүздерін көргенде ерекше қуанышқа бөленді.
Әскерден аман-сау оралған сарбаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Олар оқу орнына тегін түсу және әскери қызметті жалғастыру мүмкіндіктеріне  ие.