Шығыс Қазақстан облысындағы ірі өнідірстер ауаны қаншалықты ластап отырғаны әлі белгісіз.Әсіресе өңірдегі коммуналдық кәсіпорындар мен жылыту электр орталықтарында автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесі жоқ. Ал аймақта қоршаған ортаны ластауда бірінші санатқа жататын 20 зауыт бар. Бұл ауыр өндірістерден шыққан түтін желсіз күндері қаланы көк түтінге көміп тұрады. Өңірдің эко-ахуалын оңалтуға қатысты нақты қандай жұмыстар атқарылатынын тілшіміз анықтауға тырысты.

Әйгерім Бақтиярова, Облыстық экология Департаментінің бөлім басшысы:

Ондай кәсіпорндар белгіленген мерзімнен кешігіп жаттыр. Олар бұл туралы бізге ақпарат берді. Бірқатары өз жұмысын жол картасына сәйкес жоспарлаған. Олардың басым бөлігі 2026 жылы шілде айына дейін бақылау қондырғысын орнатып болуы тиіс.

«Қазгидромет» орталығының мамандары жылжымалы зертханамен қаланың әр аумағындағы ауа құрамын тексереді. Сол арқылы экологиялық мониторинг жасалады.

Надия Ғафурова, «Қазгидромет» РМК ШҚОФ жетекші инженері:

Жылжымалы зертханада алынған сынамаларды кешенді зертханаға тасымалдап, сол жерде талдау жүргіземіз. Бұл негізі нақты консетрациясын көрсетеді. Қай уақытта неше шоғыр көрсеткенін. Талдау нәтижелерін есептеп болғаннан кейін құзыретті органдарға жібереміз.

Қала билігі өндірістік аймақтарға ауа сапасын бақылауға арналған 15 қондырғы орнатуды жоспарлап отыр. Қажет құрылғыларды алуға байқау жарияланды. Ол зертхана іске қосылған соң Өскемендегі зауыт-фабрикалардың ауаны қалай ластайтынын жеке-жеке анықтауға болады. Ал қазір жалпы Қазақстанда 77 ірі зауыт қана ауа сапасын бақылауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйесіне қосылған. Қалған өндірістер туралы нақты ақпарат мүлде жоқ.