Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа құжат салық жүйесін жеңілдетіп қана қоймай, салық салудың жаңа қағидаттарын енгізуді мақсат етеді. Негізгі өзгерістер ел экономикасы мен бизнестегі тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді оңтайландырып, цифрлық сервистерді кеңінен қолдану қарастырылған.

Жаңа кодекстегі басты өзгеріс - арнайы салық режимдерінің саны жетеуден үш негізгі түрге қысқарады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін: 4% мөлшерлеме, жылдық табыс 15 млн теңгеге дейін. Бұл режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді және артық бюрократияны болдырмайды. Ал, жеңілдетілген декларация жылдық айналымы 2,36 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлерге арналған. Базалық мөлшерлеме - 4%, бірақ маңызды ерекшелігі - жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерлемені 2%-дан 6%-ға дейін өзгерте алады. Бұл әр өңірдің экономикалық жағдайына бейімделуге жол ашады. Шаруа және фермер қожалықтары үшін бұрынғы режим сақталады, бірақ енді бірыңғай жер салығының орнына жеке табыс салығы енгізіледі.

Қазыбек Қойшинов, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті президенттің тапсырмасы бойынша жаңа кодекс қабылданды, 18 і июльнде. Сол бойынша біздің біздің бизнес қауымына осы жаңа салық кодексін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда үлкен өзгерістер болып жатыр. Салықтық тапсырыстар 30 пайызға дейін кеміді. Салықтық нагрузка 20 пайызға дейін кеміді. КПЛ ставкасы өзгеріп жатыр 25 пайызға дейін.

Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлық негізгі бағытты қамтиды. Қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді.

Асхат Жибитаев, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы:

Қосымша құн салығы бойынша салықтық есепке тұру жайында біраз өзгерістер бар. Біріншісі қазіргі таңда есепке міндетті түрде ерікті және шартты түрде есепке тұру жайында көзделген. Екіншіден өзгеріс салықтық мөлшерлемеге қатысты.Қазіргі таңда 12 пайызды құраса, келер жылы 16 пайызды құрайтын болады.

Гүлмира Кәрібаева, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы:

Енді корпоративтік табыс салығы бойынша қаңтар, ақпан және наурыз айларына арналған аванстық төлемдер мемлекеттік кірістер органдары тарапынан салық төлеушілердің жеке шоттарына өздігінен есептелетін болады.

Бұдан бөлек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай және ең төменгі төлеммен 4 пайызды жеңілдікті режим ұсынылады. Оған міндетті зейнетақы жинағы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС жарналары ғана кіреді. Бұрынғыдай жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Сондай-ақ, жеңіл көліктерге салықты есептеу көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты болады. Яғни, 10-20 жыл аралығында 0,7 пайыз, ал 20 жылдан астам көлікті пайдалансаңыз 0,5 пайыз салық төлейтің боласыз. Осы сияқты жаңа заңда көп өзгерістер мен толықтырулар енгізелетін болады.

Бекарыс Секен