Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мен еңбегі — лауазымы ғана емес, халыққа деген құрметінде. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп жөніндегі кеңесте айтты. Жиынға салалық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау» деген сөзі бар. Сондықтан, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі этика мәселелері — жай ғана формалдылық емес, билікке деген сенімнің іргетасы. Түсіндіру жұмыстары, тұрақты кездесулер мен кеңестер – құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Жиында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мира Бекқожина баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын еске салды.
Мира Бекқожина, ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:
Бүгінгі кеңестің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің этикасы талқыланды... қоғамға қызмет ету миссиясы.
Кеңес барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов басқарма басшылары мен әкімдер мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтай отырып, үлгілі жұмыс тәртібін көрсетуі керек екенін баса айтты. Ол әрбір қызметкерге мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін қатаң сақтауды тапсырды. Бұдан бөлек, басқарма басшыларына ұжым арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді міндеттеді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Әріптестер, қызметтік әдеп бұл – жай ғана нұсқау емес, біздің қоғамның билікке деген негізгі сенімі. Осыны ұмытпайық. Егер, шенеунік азаматты сыйламаса, ол өзі қызмет ететін мемлекетті де сыйламайды деген сөз.... біздің басты парызымыз.
Өңір басшысының тапсырмасымен алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренингтер өтеді. Мақсат – әдеп нормаларының бұзылуын болдырмау және қызмет мәдениетін арттыру.
Фатима Тілейханқызы, Алексей Сафонов