Өскеменде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Бұл байқауда тек ауыл мектебінде білім алып жатқан 6 сынып оқушылары бақтарын сынай алады. Күрделі тапсырмалардан сүрінбей өткен оқушы мамандандырылған мектептерде тегін білім алуына мүмкіндігі бар.

Аймақта «Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Шалғай ауылдар мен шағын қалалардан келген оқушылар үшін олимпиадаға қатысу өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. Назлы Нәбиолдина - 2020 жылы өткен олимпиаданың жеңімпазы. Ол дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия – интернатында оқуға мүмкіндік алған.

Назлы Нәбиолдина қазір 9- шы сынып оқушысы. Дарынды қыз бақтарын сынап жатқан оқушыларға сәттілік тіледі.

 «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы басталғалы облыс бойынша ауылдық жердегі мектептердің 5-6 сыныбында оқитын 21 291 бала өз бақтарын сынап үлгерген. 541 оқушы финалист атанып, оның 89-ы жеңімпаз болып отыр.