Облыс орталығында балалар арасында биден «Дарындылар шұғыласы» атты халықаралық сайыс өтті.  Жарыстың негізгі мақсаты – жас бишілердің қарым-қабілеттерін ашу. Шарада жан-жақтан жиналған хореографиялық ансамблдер дүйім жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті.
Халықаралық би сайысының  өткізіліп жатқанына биыл 20 жыл толды. «Altai» би ансамблінің жетекшісі Тимур Қожағметовтың айтуынша, мұндай жарыстар жас бишілерге кәсіби жетілуге ықпал етеді.
Жас бишілер бірнеше номинация бойынша өнер көрсетті.

Сайысқа қатысушы «Жалында» балалар би ансамблінің құрылғанына 8 жыл болған. Осы уақыт аралығында хореографиялық ұжым бірнеше жарыста топ жарып та үлгерген.

Жас өнерпаздардың қарым-қабілеттерін дамуытуда ата-ананың қолдауы қашанда маңызды. Нұршат Махметжанова баласының шыңдалуына үлес қосып жүрген ата-аналардың бірі.
Бірнеше күнге ұласқан сайыс жоғары деңгейде өтті.  Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткізіп тұруды көздеп отыр.