Аймақта ІТ саласынына ерекше ден қойылуда. Мәселен, Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ІТ орталық жұмыс істейді. Мұнда әр түрлі жастағы адамдар үшін түрлі курстар ұйымдастырылған. Солардың бірі сандық технологияларды жетік меңгеруге бағытталған бастамалар.
Курстарға қатысу арнайы білім немесе дағдыларды қажет етпейді. Тек шығармашылық тұрғыда өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс болса болғаны, дейді курс жетекшісі Мая Сүлейменова.
Мұндай жобалар технология мен шығармашылық саласында өз мүмкіндіктерін кеңейткісі келетін азаматтар үшін тамаша мүмкіндік.
Қатысушыларға арнайы компьютерлік жабдық және бағдарламалық жасақтама ұсынылады. Курсқа келушілердің бірі – Ақмарал Кәмбетай. Оңың айтуынша, бір ай уақыт ішінде үйренгені көп.
ІТ саласы – болашағы зор мамандықтардың бірі. Мұндай жобалардың арқасында оқушылардың осы саланың маманды болуына қызығушылықтары артып келеді, дейді курс жетекшілері.