Адам өмірі денсаулық сақтау саласымен тікелей байланысты. Ал, елде жүрек дерті анықталған науқастар саны күн санап өсуде. Жүрек ауруын анықтау, алдын алу мақсатында аймақта кардиология саласын дамыту ісі қолға алынған.
Кардиохирургия бөлімі емделушілерге отаға дейінгі кезеңнен бастап, отадан кейінгі уақытқа дейін әртүрлі қызметтер көрсетеді. Облыстық ауруханада биылдың өзінде бірнеше күрделі трансплантологиялық ота жасалған.
Емханаға жүректің ырғағын бақылайтын арнайы аппараттар орнатылуда. 2019 жылы Лондон қаласына 4 айлық оқуға барған Қуатжан Абишев қазір күрделі операцияның бірнеше түрін өз тәжірибесінде қолданып жүр.
Замануи технологиямен жетілген аймақтағы кардиохирургияның беталысы көңіл қуантады. Әрі емдеудің барлық кезеңдерінде бөлімнің медициналық персоналы науқастарға үздіксіз көмек көрсетуге әзір.