«109» бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бері жұмыс істеуде. Мұнда желіге күн сайын 100-ге жуық қоңырау келіп түседі. Тұрғындар диспетчерлерге хабарласып, қызықтырған сауалдары бойынша анықтама ала алады. Аталмыш қызметтің ерекшелігі жайлы арна тілшілері тарқатсын...
Әсем Нарянованың бұл салада жүргеніне 3 жыл болған. Ол желіге түскен әр қоңырауға жіті назар аударып, тұрғындарды ақпараттандырып келеді.
Диспетчер қоңырауларды қабылдап қана қоймайды. Ол ақпаратты нақтылайды. Тұрғындар тарапынан ауыз суға қатысты, электр энергиясы, денсаулық сақтаудағы түйіткілдер бойынша түрлі сұрақтар келіп түседі.
 «109» нөміріне қалалық және ұялы телефондардан тегін хабарласуға болады. Жыл басынан бері желіге 16000-ға жуық қоңырау келіп түскен. Оның 37%-ы анықтамалық ақпарат.