Ұландықтыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Сол уақытта сұлмат заман ешкімді аяған жоқ. 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап,  25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының тұқымы да тұтас жаза кешті. Бұл тарих беттеріндегі ең ауыр жылдардың бірі, - дейді, депортация құрбандарының ұрпақтары.
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ жеріне немістер, поляктар, корейлер, татарлары мен Кавказ халықтары, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылған. Бұл зобалаңның кесірі көбіне қазақ халқына тиді. Десе де қазақ жатқа жатсың деп ешкімді кеудесінен итерген жоқ. Тастанды баладай болған өзгені өз үйіне кіргізді.
Аудандық «мемлекеттік архиві» мекемесінің бастамасымен өткен кездесуге репрессия жылдары Ұланға қоныс аударған адамдардың ұрпақтары қатысты. Лидия Михейлис пен Лилия Зудияева бір жұтым судың өзі емге табылмайтын зұлмат заманда қазақ әркез барымен бөліскенін айтады.  
Жиында сондай-ақ Алдияр Әубәкіровтың зерттеулері мен еңбектерінен жиналған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар осындай мәні мен маңызы зор шараны мектептерде өткізсек деген ниетте.