Аймақтағы орта білім беру мекемелері арасында «Қалқан» спорттық турнирі өтті. Турнирде 16 команда өзара кім мықтыны анықтады. Спорттық шараның басты мақсаты жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, төзімділік қырларын ашу.
Салтанатты шара Тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасының бастығы полковник Садыбеков Бекжан ,шекара қызметінің ардагері Марат Әбдірайымовтың құттықтау сөздерімен ашылды.
Сайысқа қатысушы командалар алдымен өздерін таныстырды. Турнирде 16 команда өзара бақ сынасты. Жарыста облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 12 команда, Глубокое ауданынан 2, Таврия  және Герасимовка ауылдарынан 1 кқұрама қатысты.
«Лазерлік тег» ойындары жастардың спортқа, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыратын, олардың күрделі жаттығуларға бейімдігін, төзімділік қырларын ашатын ойын. Ойын кезінде команда мүшелеріне зақым келтіретін оқ-дәрі пайдаланылмайды. Әрбір қатысушыға инфрақызыл сәулелермен ататын  лазерлік мылтық беріледі. Ойыншы сол қарудың көмегімен қарсыластарын жою керек. Әр қатысушының соққы алғаны туралы белгі беретін арнайы датчиктер орнатылған. Егер қатысушыға оқ тисе, қару өшіріліп, ойыншы өз алаңына қайтарылады.
Жаңа спорт түрі саналатын ойынға қызығушылық танытқан жандардың қатары көп.
Турнир қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар арнайы кубоктармен марапатталды.Сондай-ақ жүлдегерлерге лазерлік тег ойынына тегін сертификат берілді.