«Мұғалім – барлық мамандықтың анасы». Балаға ақыл мен білім беретін ұлы тұлға. Глубокое ауданы, «Уварово орта мектебінде» ұстаздықтан бөлек, басқа қызметті қатар алып жүрген жан бар. Есімі-Роман Говтва. Ол мектепте еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор боп жұмыс істейді. Баланы білім нәрімен сусындатып, олардың қауіпсіздігін қадағалайтын ұстазбен тілшіміз тілдесіп қайтты.   
Роман Говтва маңдай тері, адал еңбегінің арқасында оқушылардың алдында да әріптестерінің арасында да абыройлы. Оқуды тәмәмдағаннан кейін бірден өзі бітірген білім ордасына мұғалім қызметіне келген. Еңбек пәнінен сабақ береді. Қосымша техникалық инспектор. Оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты.
Роман Говтва республикалық «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауында 3 орын алған. Ал, облыстық сында бас жүлдені иемденген екен.
Роман Говтваның ендігі мақсаты білімін жетілдіру. Магистратураға түссем, - дейді алдағы уақытта. Мектеп оқушыларының ұстазға айтары тек алғыс. Қауіпсіздікті басты назарда ұстап, қондырғылармен абайлап жұмыс істеуді осы мұғалімнен үйренгердерін айтады.