Риддер ЖЭО 15 қыркүйекке дейін толық жөнделеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Аймақ басшысы мердігерлермен кездесіп, күрделі жөндеу жұмыстарының жоспары басталғанын айтты. Сондай-ақ бірінші кезектегі жұмыс учаскелері анықталып, қосымша келіссөздер басталғанын жеткізді.
Күрделі жөндеу жұмыстары жақында басталады. Риддердегі жылу электр орталықтарын ретке келтіріп, қажетті қондырғыларды орнататын мердігер компаиялардың басшылары облыс әкімімен арнайы кездесті. Аймақ басшысы Даниал Ахметов орталықты және алты қазандықтың агрегаттарын толық жөндеу керектігін айтты. Ол үшін қажетті жабдықтың біразы сатып алынған. Қаражат жағы да жақында толық шешімін табуы тиіс.  
15 қыркүйек. Бұл - Риддер жылу электр орталығындағы күрделі жөндеудің толық аяқталатын уақыты. Аймақ басшысы Даниал Ахметов қажетті қаражаттың бірінші траншы бөлінгенін айтты. Күзде Риддерде жаңа қондырғылармен жабдықталған жылу орталығын көреміз деп сендірді.