Негізгі Жаңалықтар «ROAD TO ASTANA 2027» жобасы

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасы

Өскеменде «ROAD TO ASTANA 2027» жобасы аясында арнайы іс-шара өтті. Жоба қатысушыларды бір ортаға жинап, олардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға, тәжірибе алмасуына және алға қойған мақсаттарына бір қадам жақындауына мүмкіндік берді.

Басқосуда белсенді азаматтар мен жобаға қызығушылық танытқан қатысушылар жиналды. Олар өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа бастамалар мен алдағы жоспарларды талқылады.

Мерхат Болатханов, облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры:

Келесі жылы өздеріңіз білетіндей, әлем чемпионаты өтуде үстел теннисінен Астана қаласында болады. Соған байланысты ШҚО Өскемен қалада өздеріңіз көріп отырғандай, ең бірінші эстафетаны біз приниматьтап отырмыз. Федерациясының әлем чемпионаты туы бізге келді. 

Жобаның басты ерекшелігі – әр қатысушыға өзін көрсетуге және жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берілуі. Мұнда тек нәтиже ғана емес, оған апарар жолдағы тәжірибе мен ізденіс те маңызды. Қатысушылар үшін мұндай кездесулер – жаңа адамдармен танысып, пайдалы байланыс орнатып, өз идеяларын ортаға салуға таптырмас мүмкіндік.

Кирилл Сотник, ШҚО Үстел теннисі федерациясының президенті:

Үстел теннисі – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің ондығына кіретін спорт. Қазақстанда алғаш рет өтетін бұл әлем чемпионатын бүкіл әлем бойынша бір миллиардтан астам адам тамашалайды деп күтілуде.

Сондықтан чемпионаттың халықаралық федерациялар мен телеарналардағы жарнамасында тек үстел теннисін ғана емес, Қазақстанның барлық өңірін, оның табиғаты мен көрікті жерлерін көрсету маңызды. Осылайша, Қазақстанның табиғаты мен туристік әлеуетін әлемге танытып, елімізді халықаралық аудиторияға көрсету көзделіп отыр. Біздің мақсатымыз – бұл материалдарды бүкіл әлем тамашалайтындай деңгейге жеткізу.

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасы аясындағы эстафета өңірлерді аралап, әлем чемпионатына дайындық барысын таныстырады. Шығыс Қазақстаннан бастау алған бастама спортшылар мен жанкүйерлерді ғана емес, өңірдің мәдениеті мен туристік әлеуетін де кеңінен насихаттауға бағытталған. Келесі кезеңдерде эстафета өзге өңірлерге жол тартады.

Аяулым Усинова


Бөлісу