Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Арт-заман» жобасы іске асырылуда. Ауқымды жобаның мақсаты - мұражайдың қор топтамасын толықтыру. Бес жыл ішінде жетпістен астам картина музей қорын байытты. Бұған Қазақстанның ең танымал суретшілерінің туындылары кіреді.
Биыл топтама Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, ҚР Суретшілер Одағының Басқарма мүшесі Алпысбай Қазғұловтың жұмыстарымен толықты.
Өнер мұражайы үш бағытта жұмыс істейді. Әдебиет, музыка, бейнелеу өнері. Музей құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін мұражай өмірімен таныстыратын ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Музей мамандары онлайн режимде де жұмыс істейді. Челлендждер, онлайн-экскурсиялар өткізеді. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар мұражай сайтынан үздік экспонаттарды көре алады.