31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде жыл сайын еске алу іс-шарасы өтеді. Шараның мақсаты - тарихи зердені мәңгілік сақтау, бүгінгі ұрпақ бойында елжандылық қасиетін қалыптастыру.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мұражайда қасіретке толы жылдары қаза болғандар жайлы түрлі ақпараттар сақталған. Қаза болғандар арасында әртүрлі сала өкілдері бар.
Аймақта 3500 саяси қуғын-сүргін құрбандары болса, соның 2000-ға жуығы ату жазасына кесілген.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға қала тұрғындары мен жоғарғы оқу орындарының, колледждердің студенттері қатыса алады.