Ұлттық ұлан жасағы 400 жас сарбаздармен толықты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 және 6699 әскери бөлімінің өрендері Отан алдында адал қызмет етуге салтанатты түрде серт берді. Жиын Өскеменнің орталық алаңында өтті.

Әскери ант қабылдау - әр сарбаздың өміріндегі ең жауапты әрі маңызды сәт. Сертіне адал жас жауынгерлер ресми түрде Отан қорғаушылар қатарына қосылып, халыққа адал қызмет ету мен заң алдындағы қасиетті міндетті мойнына алады.

Мақсат Ахметов, ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ 6699 ә/б командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары:

Жалпы әскери жарғыларды ату, ату сабақтарын, саптық дайындықтар сабақтарын жүргізуді үйретілді. 5518 ә.б қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болса, 6699 түзеу мекемесін күзетеді. Сарбаздарымыз ант қабылдап болғаннан кейін жауынгерлік қызметке кірісет десек болады.

Әскери бөлімнің өрендері 1 ай бойы оқу жаттығудан өткен. Абай, Түркістан, Алматы, Павлодар облыстарынан шақырылған 400-ге жуық сарбаз енді қала тыныштығын күзетпек. Жас жауынгерлер арасында Шымкент қаласынан келген егіздер – Бейбарыс пен Ақарыс Сақ та бар.

Ақарыс Сақ, ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ 6699 ә/б сарбазы:

Әскер маған өте жағып жатыр. Мен әскерді басқаша есептейтінмін. Қазір әскердің қыр-сырларын біліп, әскерге деген, Отанға деген қызығушылығым артып жатыр. Жалпы әскерде жүріп мен Отанға деген сүйіспеншіліктің және ата-ананың қадірін түсініп жатырмын.

Бейбарыс Сақ, ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ 6699 ә/б сарбазы:

Біз бір айда уақтылы тұруды, таза өмірді, қаруды қалай ұстау керек. Әке-шешемізден сәл алыста сағынышпен еске алып, нестейміз. Әскерге шақырамыз. Бәрі уақытымен, тамақтары бәрі жақсы.

Сарбаздардың арасында спорттық додаларда оза шауып, жетістікке жеткен жастар да бар. Солардың бірі – Нұрасыл Думанов. Ол – бокстан ел чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Нұрасыл Думанов, ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ 6699 ә/б сарбазы:

Бүгін енді ант қабылдау күніміз әскердің өміріндегі ең маңызды күніміз. Бір айдың ішінде қалай шагать етуді, өз-өзімізді қалай ұстауды, қатарда қалай ұстауды, ұйымшылдықтың бәрін үйрендік. Бір ай өтіп, көп нсәрсе үйретті, әскери тәртіптің бәрін.

Перзентінің әскери атанып, серт беруі – әр ата-анаға мақтаныш пен ерекше сезім сыйлайтыны анық. Олар да балаларының ант қабылдау рәсімін көруге арнайы келген.

Айгүл Омарова, ата-ана:

Біз Шымкент қаласынан келдік баламның ант қабылдауына. Өте керемет, өскемен қаласы бізге ұнады. Часты да. Біздің балаларға жақсы қарап жүр. Тәртіп мүлдем өзгерген, сөздері. Үлкен рахмет айтқым келеді басшыларына, психологтарға. Балаларымыз жақсы тәрбие алып, Отанына еліне қызмет ететін азамат болып еліне оралсын деп тілейміз.

Салтанатты рәсім барысында сарбаздар қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетіп, шеберліктерін паш етті. Әскери қызмет – қасиетті борыш. Бүгінгі күн ант қабылдаған жас әскерилер үшін өмір бойы есте қалары сөзсіз.


Дидар Ерболатқызы