Бүгін Өскеменде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. 19 шағын ауданда жиналған зиялы қауым өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік монументіне жиналған зиялы қауым өкілдері ақтаңдақтар ақиқатын ұғыну – бүгінгі ұрпақтың парызы. Бұл өткеннен сабақ алып, ақиқатты білуге үндейді деген пікірде.
Тағдыр тауқыметін тартқандардың жақындарымен әңгімелесіп, қуғын-сүргін мен ашаршылыққа ұшырағандар туралы мәліметтерді бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.
Қуғын-сүргін жылдары құрбан болған жандардың алдындағы бүгінгі ұрпақ парызы – оларды ақтау. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса бермек.