Негізгі Жаңалықтар Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі

Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі

Өскеменде Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Таулы өңірдің табиғи әрі сапалы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды. Жәрмеңкеге ауданның шаруа қожалықтары, кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері қатысты.

Жәрмеңке сөрелерінен ет пен сүт өнімдері, бал, құрт-ірімшік, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да жергілікті өнімдерді кездестіруге болады. Өнімдердің басым бөлігі тікелей өндірушілерден ұсынылып отыр.

Фархат Құсайынов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

3 тоннадан артық ет өнімдерін алып келдік. 1 тоннадай балық өнімдерін алып келдік. Және пантыдан жасалған өнімдерді 200 кг-дай алып келдік. Және басқа да өзіміздің сүт өнімдеріміз бар. 1 тоннадай сүтіміз бар. 

Жәрмеңкеде Ақсу ауданында өндірілетін отандық өнімдер де ұсынылды. Тауарлар тікелей зауыттан жеткізілетіндіктен, бағасы да қолжетімді. Өндірушілердің айтуынша, өнімдерге артық үстеме баға қосылмайды. Сондықтан, табиғи әрі сапалы тауарларды қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік бар.

Айымгүл Ғазизова, жәрмеңке қатысушысы:

Бізде өзіміздің заводымыздан шыққан прямой Ақсу дент өнімдері бар. Онда бады, панта өнімдері және де емдік қасиеті бар таза шөптен жасалған өнімдер шығады.  

Жәрмеңкеде ауданның ауылдық округтерінен әкелінген түрлі өнімдер саудалануда. Келушілер табиғи бал, құрт, ет-сүт өнімдері мен емдік қасиеті бар пантокринді сатып ала алады.

Мейір Орынбаев, қала тұрғыны:

Бүгін мына жәрмеңкеге келдім. Ақсу ауылдық округінен бал, құрт, пантокрин өнімін алдым. Өте жақсы тамаша бәрі, барлығы табиғи өнімде. 

Берекелі жәрмеңке жергілікті өндірушілерге өнімдерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар аудан кәсіпкерлерінің еңбегін қолдап, жергілікті өнімнің нарықтағы үлесін арттыруға ықпал етеді.

Аяулым Усинова

Бөлісу