Облыстық маслихаттың кезекті 3 сессиясы өтті. Оған өңір әкімі Даниал Ахметов, басқарма басшылары мен маслихат депутаттары қатысты. Халық қалаулылары  бұл жолы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы сынды салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Бірінші кезекте, облыс әкімі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндады.
Аймақ басшысы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, құрылыс қызметіне бағытталған жаңашылдықтарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ, облыс аумағындағы ең ірі көпір құрылысы ойдағыдай жүріп жатқанын да тілге тиек етті. Бұдан бөлек, спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жобалармен таныстырды.
Жиын барысында көтерілген барлық мәселе депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.