2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба Зайсан ауданында қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, мұнда қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар саны күн санап артуда. Сала мамандарының сөзінше, қарапайым тұрғындар үшін игі бастаманың тиімділігі мол.
Зайсан ауданы бойынша бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында биыл 31 азаматқа қайтарымсыз грант беру көзделген. Мемлекеттік бағдарлама бастапқы бизнесті іске асыруды көздейтіндерге қайтарымсыз грант береді. Ал, өткен жылы жоба аясында 1 млн. аса қаражат алып, кәсбін ашқандардың бірі – Фархат Оразбеков. Көпбалалы әке автокөлік жөндеудің шебері.
Жергілікті тұрғындар 50 жастан асқан азаматтарға арналған жобаға да белсене қатысуда. Зайсан ауданында «Күміс жас» бағдарламасы арқылы 35 адам жұмысқа орналасқан. Соның бірі – Қайрат Шакенов. 15 жылдай уақытын спорт саласына арнаған азамат бүгінде  массаж жасаушы маман. Зейнет жасына жақындап қалған ол осы арқылы өз нәпақасын табуда. Басты ниет - адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту, дейді.
Ал,  «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне немесе Еnbek.kz электрондық порталына жүгіну3 қажет.
Айта кетейік, Зайсан ауданы бойынша бүгінгі таңда жұмыс есебінде 700-ге жуық азамат тіркеуде тұр.