Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Өңірімізде бұл салада жемісті еңбек етіп жүрген жандар жетерлік. Халықтың әл-ауқатының артуы бірінші кезекте осы салада жүргендердің еңбегіне тікелей байланысты. Алдағы мерекеге орай әріптесім Ардана Серікқызы облыс орталығындағы үздік мемлекеттік қызметшілердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Мемлекеттік қызметшілерге жүктелген жұмыс жауапты әрі ауқымды. Бүгінде абыройлы міндетті арқалап жүрген жандар арамызда жетерлік. Солардың бірі-Мерей Мержақып. Оның бұл салада тәжірибесі мол, түйгені көп. Білікті маманның ветеринариялық бақылау саласында жүргеніне 5 жылдан асқан. Мерей Мержақыптың жұмыс күні ет өнімдерін қабылдаудан, оны тексеру мен бақылаудан басталады.
Мемлекеттік қызметкердің әр күні ішкі сауда орнына келіп түсетін өнімдердің ветеринариялық ресми құжаттары тексеруден басталады. Өнімнің құжатында көрсетілген ақпартқа сәйкестігі басты назарда.
Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет екені сөзсіз. Ол әдептілік пен азаматтық дұрыс көзқарасқа негізделеген. Әрі олардың мемлекеттің дамуына қосар үлесі зор.