Табиғатты қорғау адамзаттың басты борышы. Риддерлік тұрғындар қоршаған ортаны көркейтуде алдына жан салып тұрған жоқ. Екі ай ішінде аудан орталығындағы оқу ордаларымен, үкіметтік мекеме қызметкерлерімен бірлесіп 50-ден астам іс-шара өткізіпті. Жақсы бастамаға мұрындық болған "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы". Аталған ұйым күні кеше соңғы 90 тәулікте атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.    
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері өз жерлестерімен бірлесе әрекет етуді әуелден жолға қойған. Табиғат тазалығы үшін аянбай қам қылып келеді. Туған өлкелерінің гүлдеп, көркейуі үшін әр алуан шараларды халықпен бірлесе атқаруда.
Бұл жиынға жыл көлемінде белсенділік танытқан мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Ең үздігі марапатқа ие болды. Шара "Парктер шеруі 2023" бағдарламасы аясында өткізілді.
Жиын барысында табиғатты қорғауда өз үлесін тигізіп жүрген ерікті отбасылардың аттары аталды. Оларға шексіз алғыс айтылды. Қорық қызметкерлері алдағы уақытта ел игілігі үшін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ниетті.