Солжағалау саябағында «Шығыс кәдесыйы» атты қолөнер шығармашылығының облыстық фестиваль-байқауы өтті. Онда шеберлер көпшілікке қолдан жасалған бұйымдары мен кәдесыйларын ұсынды. Сонымен қатар, түрлі бұйымдар жасау бойынша тегін шеберлік сыныптары, ұтыс лотереясы ұйымдастырылды.
Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қаланың кәсіби әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қолөнершілердің кәдесыйлар мен бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, сатылымға шығарылды.
Фестиваль – байқауы аясында биыл музей-қорық топтамасын толықтырған кілемдер жайлы айтылды. Кілемдердің 80 бірліктен тұратын бірегей топтамасы, қазақтың халықтық кілем тоқу өнерінің толық және объективті бейнесін ұсынды. Кілемдер көрмесі рәсімделді.
Облыстың түкпір – түкпірінен 50 ден астам шебер келіп қатысты. Қолөнер шеберлері қала тұрғындары мен қонақтарға әртүрлі материалдар мен түрлі техникалардан жасалған сан алуан бұйымдарды ұсынды.